Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІІ сессиясы өтті.
Сессия басталмас бұрын депутаттардың құрамына өзгеріс болуына байланысты аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Жолдыбай Батырниязов сөз сөйлеп, Мирболат Серікұлына депутаттық корпусқа қош келдіңіз айтты.
Сессияға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер, яғни, Сырым аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы “2022-2024 жылдарға арналған он екі ауылдық округінің бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралып, ауылдық округ әкімдері хабарламалар жасады.
Сессияда Сырым аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы #1-4 “Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы” шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева хабарлама жасады.
тілші, Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/m-slikhat-sessiyalary/964-22-09-2022-zhyl-kezekten-tys-sessiya.html#sigFreeIda40aa8ccd2