Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІ сессиясы өтті.
Сессияға аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округтің әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары қатысты
Сессияның күн тәртібіне ұсынылған алғашқы мәселе Сырым аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №12-2
«2022 - 2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Муса Шалабаев хабарлама жасады.
Сондай - ақ күн тәртібіндегі 2 және 3 мәселелер «аудандық мәслихат депутаты А.Балғалиевтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» және аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 11 қаңтардағы №36 – 1 «аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясын сайлау туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 11 қаңтардағы №36-2 «учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық мәслихаттың хатшысы Шынар Дүйсенғалиева хабардар етті.
Сессия жұмысын аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қорытындылап, депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Айдынғали Балғалиевке депутаттық қызметіндегі жемісті қызметі үшін алғыс хат тапсырды.
Мүсірбек Әлібекұлы, «Сырым елі».
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/m-slikhat-sessiyalary/956-15-09-2022-zhyl-kezekten-tys-sessiya-tti.html#sigFreeId188afa9220