Бүгін, 29.12.2021 жылы, аудандық  мәслихаттың кезекті 12-ші сессиясы болып өтті. Сессияға аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлы, аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылып, тыңдалды:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының аудан бойынша орындалуы туралы аудандық білім беру бөлімінің есебі.
  2. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
  3. Саралжын, Жетікөл, Құспанкөл, Көгеріс, Аңқаты, Қызылағаш, Жамбыл, Көздіғара, Жаңаөңір ауылдарының оңайтылатылған бас жоспарларын бекіту туралы.
  4. Аудандық мәслихаттың және мәслихат аппаратының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

 «Сырым аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және оның 2022-2024 жылдарға арналған қаржыландыру жоспарын бекіту туралы.