Жақында Сырым аудандық мәслихатының жетінші шақырылымдағы кезектен тыс ҮІІІ-сессиясы онлайн режимінде (ZOOM форматында) болып өтті.

Сессияға аудандық мәслихат депутаттарының барлығы, аудан әкімінің міндетін атқарушы Саркулов Асланбек Ахметоллаұлы, аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Сессияны аудандық мәслихат хатшысы Дуйсенгалиева Шынар Сайлауқызы ашып жүргізді.

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды:

  1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жәйі туралы аудан әкімінің есебі.
  2. Ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Басқа да мәселелер.

Сессия аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес жүргізілді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Саркулов баяндама жасады. Бұл мәселе бойынша депутат Б.Ширмендинов аудан әкімінің жұмысына қанағаттанарлық баға берді, өз ұсыныстарын айтты: 

  1. Ауданымызда елге жағымды, пайдалы жұмыстар жасалынуда. Соның ішінде жұмыстарын еш жария етпей бастап кетіп, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлер бар. Мысалы, «Жасмин», «Азия» мейрамханалары, Шідерті өзені жанындағы демалыс орны секілді бизнес орындары бар. Аудан әкімі осындай игі істердің басында болып, салтанатты ашылуына қатысса деймін. Сондай-ақ, қазіргі уақытта музей ғимаратын реконструкция жұмыстары басталды. Сондай жұмысы басталған құрылыс орындарында аудан әкімі жұмыс сапарымен барып, жұмыстарымен танысса, біз жаңалық ретінде халыққа жариялассақ деген ұсынысым бар.
  2. Жақында ғана партиялық топ бар, мәслихат депутаттар бар Жымпиты ауылындағы Исаев, Есенжанов көшелерінде салынып жатқан жол құрылыстары жұмыстарымен барып танысқан болатынбыз. Есенжанов көшесінің екінші бөлігі елеусіз қалып қойғаны депутаттар назарына ілікті. Ол көшеде ауданымыздағы кәсіптік білім беру ордасы «Сырым колледжі» орналасқан. Осы Сырым колледжінен бастап, оның жатақханасына дейін ең болмағанда жаяу жүргіншілер жолы салынуы керек деп есептейміз.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Саркулов Асланбек Ахметоллаұлы  айтқан ұсыныстарының назарға алынып жұмыстанатындығын мәлімдеді. 

Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер бойынша хабарлашылар тыңдалып, шешім жобалары дауысқа қойылып, қабылданды.