Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті ҮІІ сессиясы елдегі эпидахуалға байланысты онлайн режимінде болып өтті. Оған аудан әкімі, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- Аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2020 жылы және 2021 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы.
- Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт саласын дамыту бойынша атқарған жұмыстары туралы.
- Сырым ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы.
- Сырым аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №63-2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашылар тыңдалды, депутаттар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Сессияны аудан әкімі қорытындылап, қаралған мәселелер бойынша түсініктемелер берді, сала басшыларына тапсырмалар тапсырды.
Сессия шешімдерінің жобалары дауысқа қойылып, толығымен қабылданды.
View the embedded image gallery online at:
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/m-slikhat-sessiyalary/810-15-07-2021-zhyl-kezekti-sessiya-2.html#sigFreeId59e3a6f435
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/m-slikhat-sessiyalary/810-15-07-2021-zhyl-kezekti-sessiya-2.html#sigFreeId59e3a6f435