Аудандық мәслихат сессиясы төрағасының ШЕШІМІ
Жымпиты ауылы №85 7 қыркүйек 2020 жыл.
Аудандық мәслихаттың кезекті
ХХХХХVІІІ сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 18 бабына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Аудандық мәслихаттың кезекті ХХХХХVІІІ сессиясы 2020 жылдың қыркүйек айының 17 күні сағат 11.00-ге шақырылсын.
КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ:
- Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ауданда орындалуы туралы.
- Басқа да мәселелер.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Е.Байдашев