Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс 54-сессиясы болып өтті. Сессияға №4 Бұлан сайлау округінен депутат Б.Хамидуллин төрағалық етті. Күн тәртібінде «Сырым аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №49-1 «2020-2020 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралды. Осы мәселе бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде бюджеттік трансферттер есебінен 430 088 мың теңге көлемінде өзгеріс енгізілді. Және елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты бірқатар салық түрлері бойынша жеңілдіктер жарияланған болатын. Соған байланысты жергілікті түсімдердің жылдық жоспары 49357 мың теңгеге азайтылып, республикалық бюджет есебінен аталған сомадағы шығыстарды өтеуге бөлінген 49357 мың теңге қаражат бекітілді.
Сессия соңында аудан әкімі С.Төреғалиев қазіргі уақытта аудан көлемінде нақты атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып өтіп, мәслихат депутаттарын алдағы уақытта жоспарланған жұмыстармен хабардар етті.