Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы болып өтті. Оған аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі Т.Турегалиев, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде аудандық бюджетке енгізілген өзгерістер мен аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының құрамын толықтыру мәселелері қаралды.
Сессия соңында аудан әкімі Т.Турегалиев аудандық бюджетке енгізілген өзгерістер себебіне тоқталып, түсіндіріп өтті. Және алдағы 2020 жылға аудан бюджетін қалыптастыруда әр сала басшылары өз салалары бойынша жан-жақты зерделеп, дұрыс талдау жасап жоспарлау қажеттігін айтты.
https://syrym-maslikhat.gov.kz/kz/m-slikhat-sessiyalary/633-65326238416512.html#sigFreeIdcf04b780f5