Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 10 депутат, аудан әкімі Шыныбеков Абат Абайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, бөлім басшылары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан орталығындағы мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тізім бойынша қатысты. Сессияны оның төрағасы №10 Аралтөбе сайлау округінен депутат В.Джумагалиев ашып жүргізді.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №16-2 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев- аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2. Сырым ауданының даму әлеуеті жоғары және орта елді мекендерін дамытудың 2014-2018 жылдарға арналған аудандық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев- аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 5 тамыздағы №21-7 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Е.Сарсенов - аудан әкімі аппараты басшысы.
4. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы №15-5 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органәйелдер істері және отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Т.Дарғожиев - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
5. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы №15-6 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Т.Дарғожиев - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
6. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы №15-7 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі аудандық кеңестің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Т.Дарғожиев - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
7. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы №15-9 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган тұрғындар денсаулығын қорғау жөніндегі аудандық кеңестің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Т.Дарғожиев - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.