2014 жылы 5 тамызда Сырым аудандық мәслихатының бесінші шақырылымындағы кезекті XXІ сессиясы өтті.
Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 10 депутат, аудан әкімі Шыныбеков Абат Абайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы, бөлім басшылары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан орталығындағы мекеме басшылары, ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастықтың төрағалары, мектеп директорлары, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тізім бойынша қатысты. Сессияны оның төрағасы №9 Талдыбұлақ сайлау округінен депутат Е.Исанов ашып жүргізді.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жәйі туралы аудан әкімінің есебі.
Баяндамашы: А.Шыныбеков- аудан әкімі.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ұсыну туралы.
Хабарламашы: Н.Раймова – №5 Қособа сайлау округінен депутат, «Нұр Отан» партиясыының мүшесі.
3. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 5 шілдедегі №13-2 «Сырым ауданы әкімдігінің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Е.Үмітов – аудан әкімі аппараты басшысының м.а
4. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы№15-3 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Е.Үмітов – аудан әкімі аппараты басшысының м.а
5. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы№14-3 «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Е.Үмітов – аудан әкімі аппараты басшысының м.а
6. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы №14-4 «Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Е.Үмітов – аудан әкімі аппараты басшысының м.а
7. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 5 сәуірдегі №10-4 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Е.Үмітов – аудан әкімі аппараты басшысының м.а
8. Аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы.
Хабарламашы: Е.Үмітов – аудан әкімі аппараты басшысының м.а
9. Сырым ауданының әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын бекіту туралы.
Хабарламашы: Е.Үмітов – аудан әкімі аппараты басшысының м.а
10. Аудан әкімдігі жанындағы мүгедектер істері жөніндегі аудандық консультативтік-кеңесші органның дербес құрамы туралы.
Хабарламашы: Қ.Тулепов- аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
11. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Хабарламашы: А.Галимов – аудандық мәслихат хатшысы