2015 жылдың 5 наурызы күні аудандық мәслихаттың кезекті ХХҮІ-шы сессиясы болып өтті.

Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 10 депутат, аудан әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, аудан орталығындағы мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері тізім бойынша қатысты.

Сессияны №1 Қарасу сайлау округінен депутат Асхат Ғабделғазезұлы Дуйсенгалиев ашып жүргізді.

Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын орындаудағы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің атқарған жұмыстары туралы.

Баяндамашы: М. Қайырғалиев - аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

2. Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №25-2 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: М. Шалабаев- аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

3. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: А. Баяндыков - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

4. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы.

Хабарламашы: А. Баяндыков - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

5. «Сырым ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы.

Хабарламашы: Е. Сарсенов- аудан әкімі аппаратының басшысы.

6. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы №14-4 «Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Е. Сарсенов -  аудан әкімі аппаратының басшысы.

7. Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган құқық бұзушылық профилактикасыжөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы.

Хабарламашы: Е. Сарсенов- аудан әкімі аппаратының басшысы.

8. Аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамы туралы.

Хабарламашы: Е.Сарсенов- аудан әкімі аппаратының басшысы.

9. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы19 тамыздағы №14-3 «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Хабарламашы: Е.Сарсенов- аудан әкімі аппаратының басшысы.

10. Аудан әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік  субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ведомствоаралық консультациялық-кеңесші органның дербес құрамы туралы.

Хабарламашы: М.Қайырғалиев- аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

11. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы19 тамыздағы №14-9 «Аудан әкімі жанынан құрылған кәсіпкерлердің Қоғамдық кеңесінің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: М.Қайырғалиев- аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

12. Аумақтық (аудандық) сайлау комиссиясының құрамын толықтыру туралы.

Хабарламашы: А.Галимов- аудандық мәслихаттың хатшысы.

13. Округтік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы.

Хабарламашы: А.Галимов - аудандық мәслихат хатшысы.

14. Учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы.

Хабарламашы: А.Галимов - аудандық мәслихат хатшысы.

15. Аудандық  мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Хабарламашы: А.Галимов - аудандық мәслихат хатшысы.