2014 жылы 13 мамырда Сырым аудандық мәслихатының бесінші шақырылымындағы кезектен тыс XX сессиясы өтті.

Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 10 депутат, аудан әкімі Шыныбеков Абат Абайұлы, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, дербес бөлім басшылары, аудан орталығындағы мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тізім бойынша қатысты. Сессияны оның төрағасы №9 Талдыбұлақ сайлау округінен депутат Е.Исанов ашып жүргізді.

Күн тәртібінде қаралған келесі мәселелер қаралды:

1. 2013 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу есебі туралы.

Хабарламашы: Шалабаев Муса Кеңесұлы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

2. 2013 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі туралы.

Хабарламашы: Қыдырбаев Мейрамхан Иманбазарович- Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.

3. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Қ.Төлепов – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

4. Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.

Хабарламашы: А.Галимов - аудандық мәслихаттың хатшысы.