Сырым ауданы Өлеңті ауылының тұрғыны нерв жүйкесі сырқатымен сырқатынып жүрген Махметов Темірболаттың Орал қаласындағы неврологиялық емханаға жатып, емделуге міндеті медициналық сақтандыру жарнасы төленбегендіктен, емделуге мүмкіндік болмай тұрғанын, Өлеңті ауылында орналасқан жатахана тұрғындарымен кездесуде мәселе көтерілген болатын, "Ақберлі Атамұра" қоғамдық қорына көмектесуге ықпал етуге мүмкіндік сұрап жүгінген болатынынмын басшысы Жаниев Ұзақбай мен Искаков Ғалымжан ағайларға, екі жылдық жарнасы төлеуге көмектесіп, 40000 тенге қаражат аударып, қазіргі уақытта облыстық емханаға ем алуға жолдама алатын болды, медициналық тексерістен өтіп, құжаттары рәсімделуде. Осындай мүмкіндік жасаған аталмыш қорға, Ел ағаларына алғысымыз шексіз! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!
Аудандық мәслихат депутаты, мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева