1 Наурыз – Алғыс айту күні!
Баршаларыңызды көктемнің алғашқы күніндегі осы әдемі мерекемен құттықтаймын.
Алғыс айту күні 2016 жылдан бастап аталып өтіп келеді. Бұл күн еліміздегі тыныштық пен барлық қазақстандықтардың бір-біріне құрмет көрсетуінің, сыйластығының салтанатты күні. Және де бұл күн бүкіл қазақстандықтардың достығы, татулығы мен жылы ықыласының жарқын белгісі болып қала береді.
Бүгінгі мерекеде әр шаңыраққа амандық пен ырыс-береке тілеймін. Ел іргеміз мықты, ынтымағымыз мәңгі болсын.
Сырым аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева