31.01.2022 жыл. Мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева аудан әкімдігі жанындағы комиссия отырысына қатысты.

 

Бүгін аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысына қатысты. Отырыста мектептерде оқушылардың денсаулығын сақтау, оның ішінде медициналық қызметті ұйымдастыру туралы; мектеп оқушылары бойынша аз қамтылған, тұрмысы нашар отбасыларында тәрбиеленіп жатырған, панасыз-қараусыз қалған кәмелетке толмаған балалармен атқарылған жұмыстар туралы... мәселелер тыңдалып, талқыланды.