Қар түссе көліктердің қозғалысына кедергі болатыны белгілі. Аптаның басында толассыз жауған қар Қособа ауылы тұрғындарын аудан орталығымен қатынауда әбігерге салған болатын. Осындай уақытта аудандық маслихат депутаты "Nur Otan" партиясы мүшесі, "Мүтір" шаруа қожалығының жетекшісі Жеңіс Болатұлы Шапешов өз техникасын шығарып, қызу жұмысқа кірісіп кетті.