Бүгін аудандық мәслихат депутаты, мәслихат хатшысы Дуйсенгалиева Шынар Сайлауқызының қабылдауына Бұлан ауылының тұрғыны, жас маман Айман Утегалиева тұрақты жұмыс қажеттілігі турады мәселесімен келді.
Азаматшаға жұмысқа орналасу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес түсінік берілді. Сондай-ақ, кешегі өткен аптада Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде де жастардың тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне көңіл бөлу қажеттілігін, оның ішінде «Жастар тәжірибесі» және «Бірінші жұмыс» жобалары бойынша қатысу ұзақтығы мен сыйақы мөлшерін ұлғайтуды қарастыруды тапсырғандығын да айтып түсіндірді.