"Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаты Е.Байдашев азаматтарды қабылдады. Қабылдау онлайн түрде өткізілді. Қабылдауға жолыққан Көздіғара ауылының тұрғындары ауылдың өзекті мәселелеріне тоқталып, өз көкейлерінде жүрген мәселелерді айтты.
Қабылдау барысында аудандық мәслихат депутаты қолдаңыстағы заңдарға сәйкес түсініктеме мен консультативтік-құқықтық кеңес берді. Көтерілген мәселелердің оңтайлы шешілуін бақылауда ұстайтының жеткізді.