15.04.2021 жыл. ДЕПУТАТ БАР БАСТАМАШЫЛ ОҢ ІСКЕ

 

2021 жылдың қаңтар айында "Nur Otan" партиясының Сырым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне аудандық мәслихат депутаты Шынар Дуйсенгалиеваның қабылдауына Қоңыр ауылының тұрғындары Ұ.Жұмажанова мен А.Злаханова әлеуметтік жағдайларының қиын екенін айтып, үйлеріне көгілдір отын кіргізіп беруді сұрап хабарласты. Өз кезегінде Шынар Сайлауқызы Жосалы ауылдық округінің әкімі Қ.Ғабдешовпен бірге өтініш білдірушілердің үйлеріне барып, жағдайымен танысып, демеушілер іздестіріп, нәтижесінде 1 млн 200 мың теңгеге екі үйге көгілдір отын кіргізіп берді.

Қоңырлық қос ана Сырым аудандық мәслихатының депутаты, "Nur otan" депутаттық фракциясының мүшесі Ш.Дүйсенғалиеваға және қол ұшын созған барша азаматтарға алғыстарын білдірді.