14.04.2021 жыл. Қабылдау.
Бүгін филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат хатшысы, мәслихат депутаты Ш.Дүйсенғалиева азаматтарды қабылдады. Қабылдауда болған Қарағанды елді мекенінің тұрғыны Давлетова Балгинже тұрғын үй және зейнетақы мәселесімен жолықты. Тұрғын үй мәселесі шешілді. Зейнетақысын қайта есептеу үшін архивтен құжаттарын жинақтауға сенім хат арқылы әлеуметтік қызметкер тағайындалды. Қабылдаудан соң халыққа қызмет көрсету орталығына барып, аудандық архивтен құжаттарды қарауға өтініш берілді. Сонымен қатар, Өлеңті ауылының тұрғыны телефон арқылы хабарласып, Бердіғалиев көшесіндегі жатақхананың мәселесі жөнінде айтты.