09.02.2021 жыл. Аудандық Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы.
Бүгін, онлайн режимінде (ZOOM форматында) аудандық Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Қоғамдық кеңестің 15 мүшесінен отырысқа 12 мүшесі, аудан әкімі Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлы, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты. Отырысты аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Дуйсенгалиев ашып жүргізді.
Отырыста ауданның 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудан әкімінің есебі, аудандық мәслихат хатшысының, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасының 2020 жылғы есептері және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді болдырмау туралы мәселелер қаралып, тыңдалды.
Аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы Турегалиев ауданның 2020 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы баяндамасында атқарылған жұмыстармен қатар, кеңес мүшелеріне биыл жүзеге асырылатын жобалармен таныстырып өтті: Аралтөбе, Шағырлой ауылдарына кірмежолдарды, Жымпиты, Бұлдырты, Өлеңті ауылішілік көше жолдарын жөндеуіне ЖСҚ жасақтау; Көгеріс, Тасқұдық ауылдарына спорт алаңдарын салу; халық саны 250-ден асатын елді мекендерге (Көгеріс, Бұлан, Жамбыл, Қызылағаш, Қазақстан, Қарақұдық) К-сеІІ компаниясының Актив 3G желісін орнату....т.б. Аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Кенжебаев Жасқайрат Жолымбетұлы аудан әкімінің жылдық есебіне оң бағасын берді.
Күн тәртібіндегі тыңдалған мәселелер бойынша аудандық Қоғамдық кеңес қаулыларын қабылдады.