21.11.2019 жыл

 

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құзыреттерді бағалау орталығының басшысы Динара Дәуренбекова қатысуымен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
А.Н. Жаилғанованың сөз сөйлеу тезистері

Елбасы ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттыруды әрқашан басты назарда ұстайды. 2019 жылдың – Жастар жылы болып жариялануы, осының тағы бір дәлелі.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы айтып өткендей, «Жастар Қазақстанның даму жолында шешуші рөлді атқарады. Прогрестің қозғаушы күші де біздің жастарымыз».
Мемлекеттік қызметке заманауи ойлайтын, құзіретті, қазіргі заманғы трендтерді білетін жастарды тарту мақсатында Агенттік тарапынан Президенттік жастар кадр резервін жасақтау жалғасуда.
Өздеріңіз байқап жүргендей іріктеу процессі толығымен ашық түрде жүргізілуде. Іріктеудің басым бөлігі онлайн режимде өтті. Мұндағы ең басты мақсат – қатысушыларға ыңғайлылық жасау және қоғамға қолжетімді болу. Аталған жобаны жүргізу үшін арнайы онлайн-платформа әзірленгендігін жақсы білесіздер.
Қазіргі уақытта іріктеудің алғашқы төрт кезеңі өз мәресіне жетті. Өз кезегінде қатысушылардың пікірі бойынша іріктеудің үшінші кезеңі өте қызықты өтті. Бұл кезеңде үміткерлер өздерінің жобаларын қорғады, эссе жазды және құзіреттерін бағалаудан өтті.
Тестілеуді верификациялаудан кейін «Әлеуетті бағалау» кезеңіне 549 адам жіберілді.
«Әлеуетті бағалау» - Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу кезеңдерінің ең маңызды кезеңі екенін атап өту керек. 100 ең жоғары мүмкін балдан оның үлесіне 60 бал келеді (жобаны таныстыру - 9%, эссе - 15%, құзыреттілікті бағалау - 36%).
Осы кезеңде қатысушылар міндетті түрде pkrezerv.kz автоматтандырылған жүйесінде бейне және аудиофиксация арқылы қашықтықтан эссе жазып, өз презентацияларын ұсынды, одан кейін Нұр-Сұлтан қаласында өз құзыреттіліктерін бағалаудан өтті.
Эссе мен жеке жобалық жұмыстарды академиялық ортаның өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер және кәсіби қоғамдық бірлестіктер мен зерттеу мекемелерінің өкілдері бағалағанын атап өтемін.
Ассессментте бағалауды халықаралық сертификациясы бар, тиісті оқудан және дайындықтан өткен асессорлар жүргізді. Барлық процесті SHL компаниясының тәжірибелі супервайзерлері сүйемелдеді. Барлық нәтижелер бағалаушылар мен қоса супервайзерлермен де талданды.
Құрметті журналистер, қатысушылар құрамы бойынша кішігірім статистиканы келтіргім келеді.
«Әлеуетті бағалау» кезеңіне қатысушылардың жалпы санынан 36% квазимемлекеттік секторда жұмыс істейтін тұлғалар, 33% - жеке сектордан және 31% - мемлекеттік қызметшілер.
Алдыңғы қатарлы шетелдік білімі бар үміткерлердің үлесі 47,3% (250 адам) құрайды, 52,7% (278 адам) - бұл қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері.
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысушылардың экономиканың түрлі салаларында үлкен тәжірибесі бар. Олардың көпшілігі ірі шетелдік және трансұлттық компанияларда жұмыс істейді немесе жұмыс істеген.
Кең өңірлік құрылымды бөлек атап өтейін. Қатысушылар арасында еліміздің барлық аймақтарынан, жақын және алыс шетелдерден (Ұлыбритания, Германия, Франция, Қытай, Ресей, Түркия және Әзірбайжан) өкілдер бар. Ұлттық әр алуандықты да атап өтуге болады: олар қазақтар, немістер, орыстар, татарлар, әзірбайжандар және армяндар.
*
Кеше ғана «Әлеуетті бағалау» кезеңін қорытындысы шықты.
Өткен кезеңнің нәтижелері бойынша келесі кезеңге «Сарапшылық комиссиясында әңгімелесуге» 400 қатысушы жіберілді. Келесі кезеңге өткен қатысушылардың толық тізімі Pkrezerv.kz сайтында жарияланған.
*
Келесі кезең - Сарапшылық комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу, ол а.ж. 27 қараша-13 желтоқсан аралығында өтеді. Әңгімелесу процесінің ашықтығы үшін Сарапшылық комиссияға жұртшылық өкілдерімен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілгенін атап өткім келеді.
Осы әңгімелесудің қорытындысы бойынша кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияның қарауына ұсынылған 330 үміткерден аспайтын тізім қалыптастырылады. Ұлттық комиссияның отырысын ағымдағы жылдың соңына дейін өткізу жоспарланып отыр.
Кейіннен резервке енген 300 жас маман салалар бойынша және олардың жоғары мемлекеттік лауазымдарға ұсынуға дайындық дәрежесі бойынша сараланатын болады.
Қажет болған жағдайда, олар Мемлекеттік басқару академиясы базасында, сондай-ақ үздік әлемдік білім беру орталықтарында қажетті құзыреттер мен дағдыларды арттыру үшін қысқа мерзімді курстардан немесе ұзақ мерзімді оқудан өтеді.
Әрбір резервші үшін оның тобына байланысты жеке мансаптық жоспар жасалады. Жоспардың түпкі мақсаты дәйекті мансаптық өсу жолымен мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың жоғары лауазымдарына резервшіні тағайындау болады. Бұл ретте, резервшілердің мансаптық жоспарлары нәтижелеріне қол жеткізу мониторингін Агенттік жүзеге асырады.
*
Ел Президенті айтып өткендей, «Жастар Қазақстанның даму жолында шешуші рөлді атқарады. Прогрестің қозғаушы күші де біздің жастарымыз.».
Құрметті журналистер, Ел Президентімен жарияланған Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу – бұл жас қазақстандықтар үшін жаңа деңгейге көтерілудің бірегей мүмкіндігі және қуатты әлеуметтік лифт.
Қазіргі уақытта «Президенттік жастар кадр резерві» жобасы шетелде де қызығушылық тудыруда. Ағымдағы жылдың қазан айында Агенттік жобаны Сингапурда ұсынды. Өткен аптада біз оны Париждегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының штаб-пәтерінде ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару комитетінің 60-шы отырысы аясында таныстырдық.
Мен Қазақстанды жоғары деңгейге көтере алатын үздік әлеуетті басқарушылар пулын қалыптастыра алатынымызға сенімдімін.
Президентіміздің бастамасына сәйкес жүргізіліп жатқан бұл жұмыс қолданыстағы жоспарларға сәйкес жалғасатын болады.