Бүгін Сырым ауданында Шолақаңқаты ауылдық округі әкімін сайлау өтті. Сайлауалды аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Өтеген Уашев таңдаушылармен кездесті.
Округ әкімінің сайлауына аудандық мәслихат депутаттарының 12 – сінің 9 – ы, яғни 75 % - ы қатысты. Осыған дейін әкімдікке үміткер болып тіркелген тұлғалар депутаттар алдында өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырған болатын. Таңдаушылар үміткерлерді таңдау кезінде олардың еңбек тәжірибелеріне, бағдарламаларына ерекше назар аударды.
Сырым аудандық сайлау комиссиясының хабарлауынша, аудандық мәслихат депутаттарының көп дауысын жинаған Ерлан Журалиев Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Ерлан Журалиев бұған дейін полиция қызметі саласында еңбек етті. Доғарысқа шыққанға дейін Сырым аудандық жергілікті полиция қызметіне басшылық етті.
✍ «Сырым елі»
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы