Бүгін Сырым аудандық мәслихаты «SJ» жастар орталығында мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысын өткізді. Отырысқа мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева қатысты.
Депутаттар күн тәртібіне сәйкес 2016 жылдарға арналған Сырым ауданының аумағын дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларының орындалуы, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының ауданда жүзеге асуы, аудандағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың қысқы маусымға дайындығы, ҚР «Медиация туралы» заңының ауданда орындалуы жөніндегі мәселелерді тыңдады.
Отырыста халық қалаулылары маңызды мәселелерді ҚР Президенті Қ – Ж. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы аясында шешу, «AQJAIYQ адалдық алаңы» жобасын халыққа түсіндіру жөнінде де пікір алмасты.
✍«Сырым елі»