23.05.2019жыл.
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті ХХХХ сессиясы өтіп, оған аудандық мәслихаттың хатшысы Шынар Дүйсенғалиева төрағалық етті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов, облыстық мәслихаттың депутаты Ғ.Нұрмұханов, облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Б.Хамидуллин, аудандық мәслихаттың депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселеге орай ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасы және бюджеттің орындалуы бағытында тиісті саланың басшылары хабарламалар жасады.
Сессияға қатысқан облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Батыржан Хамидуллин өткен жылғы аудан бюджетінің орындалуы жөнінде тәуір жетістіктер болса да, кейбір салаларға сілкіністер қажеттігіне тоқталды.
Сессияда аудан әкімінің орынбасары Асыланбек Саркулов сөз сөйледі.