29.01.2019 жыл.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Сырым аудандық Қоғамдық кеңестің жұмыс тобы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-Ү Заңының 10 бабына, Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 қыркүйектегі №31-7 шешімімен бекітілген «Сырым аудандық Қоғамдық кеңес туралы» Ереженің 22 бабына сәйкес аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс жариялайды.
Конкурсқа, қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат ретінде он сегіз жасқа толған, Сырым ауданында тұратын және аталған заңның 10-бабының 1 – және 2 тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін коммерциялық емес ұйымдар өкілдері және азаматтар қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат төмендегі талаптарға сай болу керек:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс;
4) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
5) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады;
6) аталған заңның 10 баптың 1,2,3-тармақтарына белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда аталған құжаттарды осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде, мына мекенжайға жолдау қажет:
БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, №8, Сырым аудандық мәслихаты, 302 кабинет, телефон 87113431122, электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сырым аудандық Қоғамдық кеңестің жұмыс тобы
29.01.2019 жыл