15.01.2019 жыл.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Сырым аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 8 бабына, Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 қыркүйектегі №31-7 «Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуір №2-6 Аудандық Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту туралы шешіміне өзгерістер еңгізу туралы» шешімімен бекітілген «Сырым аудандық Қоғамдық кеңес туралы» Ереженің 5 және 8 баптарына сәйкес жұмыс тобы мүшелігіне кандидаттарды ұсыну туралы конкурс жариялайды.
Конкурсқа жұмыс тобы мүшелігіне кандидат ретінде осы ереженің 10- бабына сәйкес келетін коммерциялық емес ұйымдар өкілдері және азаматтар қатыса алады және конкурсқа қатысу үшін мына құжаттар тапсырады:
- Осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
- Жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда аталған құжаттарды осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде, мына мекенжайға жолдау қажет:
БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, №8, Сырым аудандық мәслихаты, 302 кабинет, телефон 87113431122, электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сырым аудандық мәслихаты аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жұмысын бақылау үшін Сырым аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 қыркүйектегі №31-7 шешімімен бекітілген «Сырым аудандық Қоғамдық кеңес туралы» Ереженің 12 бабын басшылыққа ала отырып бақылаушыларды ұсыну үшін конкурс жариялайды.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті мемлекеттік органға ұсынады немесе электронды поштаға жолдайды;
Мына мекенжайға жолдау қажет: БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, №8, Сырым аудандық мәслихаты, 302 кабинет, телефон 87113431122, электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сырым аудандық мәслихаты.