Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Асхат Дүйсенғалиевтың төрағалық етуімен аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, ҚР Үкіметінің «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №1194 қаулысына орай аудандық Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысына аудан әкімі Т.Төреғалиев, қоғамдық кеңестің мүшелері, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, дербес бөлім басшылары, Қоғамдық ұйымдар мен ақпарат саласы өкілдері, аудан прокуроры Қ.Төремұратов, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Е.Журалиев, аймақтық полиция инспекторлары қатысты.
Отырыстың негізгі күн тәртібіндегі мәселеге орай «Сырым ауданының ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің аудандағы қоғамдық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті нығайтудағы жұмысы туралы» аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Ерлан Журалиев және «Сырым ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын арттыру бойынша есептері мен оның ішінде жасырын сатып алушы тәсілмен жүргізілген қоғамдық бақылау нәтижелерін қарау туралы» аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Өркен Бектенов хабарлама жасады.
Кеңейтілген отырыс барысында аудандық Қоғамдық кеңестің төралқа мүшесі Ғ.Қаналиев, ардагер ұстаз Г.Ергалиева, А.Жүсіпов, С.Уразов,Т.Елеубаев сөздер сөйлеп, нақты ұсынбаларын ортаға салды.
Кеңестің барысында аудан прокуроры Қ.Төремұратов сөз сөйлеп, ауданда мал ұрлығы белең алып, жол апаттары күрт өсіп, соны қайғылы жағдайларға соғып отырғандығына кеңінен тоқталып, жергілікті ауыл әкімдері бұл бағытта сілкініс таныта жұмыс істеулерін қажеттігін баса айтты.
Қоғамдық кеңестің отырысын аудан әкімі Т.Төреғалиев қорытындылап, ауданда мал ұрлығы деректері соңғы кездері Алғабас, Тоғанас ауылдарында белең алуда екендігін айтып, мал ұрлығына қатысушыларды ұялту мақсатында басылымдарда материалдар жариялау «02 хабарлайды» айдарын газетке беруді қолға алу, тәртіп мәселесін қатаң қадағалау сияқты өзекті жәйттерге тоқталып, сөз сөйледі. Қоғамдық кеңесте қаралған мәселелерге орай тиісті қаулы қабылданды.
Рысты Аскарова, аудандық Қоғамдық кеңестің статисті