Бүгін Сырым аудандық мәслихатының депутаттары құрылысы жүріп жатқан бірнеше нысандардың жұмысымен танысты. 


Қособа ауылы


Маусым айының басында Қособа ауылынан 200 адамға арналған мәдениет үйінің құрылысы басталған болатын. Түске дейін Сырым аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева мен бірқатар депутаттар Қособа ауылдық округіндегі нысанның құрылысымен танысты.


Бүгінгі күні мәдени ошақтың құрылысы қарқынды жүруде деп сенімді айтуға болады.Себебі нысанның қабырғасы толықтай қаланып,қазіргі таңда ғимараттың төбесін жабу жұмыстары жүргізілуде.Құрылыс бригадасының құрамында 16 жұмысшы еңбек етуде, оның ішінде 7 жұмысшы жергілікті жердікі.Айта кетейік, құны 90 млн теңгеден асатын құрылыстың жұмысы 6 айға жоспарланған.

 

  

 

 

 

Бұлдырты ауылы


Осы  күні аудандық мәслихат депутаттары мен аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері Бұлдырты ауылында жүргізіліп жатқан су құбыры құрылысының жұмыстарымен танысты. Аталмыш жұмыстарға 2018 жылға 280607,0 мың теңге қаржы бөлінген. Жұмыс ағымдағы жылдың мамыр айынан басталған, жұмыс мерзімі – 8 ай. Жалпы су құбырының ұзындығы – 18,607 шақырымды құрайды.

 

  

 

  

 

  

 

Өлеңті ауылы


Осы күні түсқайта халық қалаулылары Өлеңті ауылының кірме жолын орташа жөндеу жұмысымен танысты. 


Жоба құыны: 79,4 млн. теңге


Жөндеу жұмысының уақыты: 4 ай


Бүгінгі таңға дейін игерілген қаржы: 26,6 млн.теңге


Қазіргі таңда жасалып жатқан жөндеу жұмыстары: жол тегістеліп, құм төселіп, үстіне шиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.