Бүгінге аудандық Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы шақырылды. Оған төралқа мүшелері және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарлама жасаушылар қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №12-2 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 наурыздағы №17-5 «Сырым ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негінде Сырым ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы»
- Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 26 ақпандағы №11-3 «Салық салу бірлігіне тіркелген жиынтық салық ставкалары туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тыңдалып, ескертусіз мақұлданды.