Кеше аудандық мәслихат депутаттары мен аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері Бұлдырты ауылында жүргізіліп жатқан су құбыры құрылысының жұмыстарымен танысып қайтты. Аталмыш жұмыстарға 2018 жылға 280607,0 мың теңге қаржы бөлінген. Жұмыс ағымдағы жылдың мамыр айынан басталған, жұмыс мерзімі – 8 ай. Жалпы су құбырының ұзындығы – 18,607 шақырымды құрайды.