Кезектен тыс шақырылған сессияға  аудандық мәслихат депуттары, аудан әкімі,  ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.

 

Күн тәртібіндегі мәселелер сессия алдында өткен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында талқыланды.

 

Аудан бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, көму қызметтерін көрсетудің тарифін бекіту мәселесі бойынша ендігі уақытта ай сайын әр адам 50 теңгеден (қоқыс шығару үшін) төлейтін болмақ.