2018 жылдың 23 ақпаны күні аудандық мәслихаттың кезекті ХХІІІ сессиясы болып өтті.   

Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутатынан 8 депутат, аудан әкімі Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, учаскелік полиция инспекторлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияны №9 Талдыбұлақ сайлау округінен депутат Даргужиев Талғат Мұратұлы ашып жүргізді. 

 

 

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды:

  1. Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің 2017 жылы атқарған есебі туралы.

Баяндамашы: Е.Журалиев- аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің басшысы.

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №21-2 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

         Хабарламашы: М.Шалабаев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. Аудандық мәслихат хатшысының 2017 жылы атқарған есебі туралы.

Баяндамашы: Ш.Дуйсенгалиева – аудандық мәслихат хатшысы.

  1. Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева – аудандық мәслихат хатшысы.

  1. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева – аудандық мәслихат хатшысы.

 

 

 

 

Сессия аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес жүргізілді.

 

Сессия соңында 2018 жылдың 22 ақпаны күні өткен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар туралы аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Ниязгалиева Аида Кимқызына хабарлама жасады.  

Сессияда қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлы қорытынды сөз сөйледі.