2018 жылдың 20 наурыз күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.

 

Оған аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Т.Даргужиев, комиссия мүшелері Б.Тасқалиев, Р.Ихсанова, аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы А.Дүйсенғалиев, комиссия мүшелері А.Ниязгалиева, С.Тоқмамбетов және ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Б.Хамидуллин, комиссия мүшелері В.Джумагалиев, Ж.Шапешов және мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев, Сырым ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Б.Разиева, аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

 

Отырысты аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Т.Даргужиев ашып жүргізді.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР:

 

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №22-1 «2018-2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: М.Шалабаев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. «Салықтық әкімшіліктендіру және салық базасын кеңейту бағытында  атқарылған жұмыстар туралы»

Хабарламашы: Б.Разиева – Сырым ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы.

 

Отырыс барысында аудандық мәслихат депутаттары тарапынан екінші мәселеге байланысты төмендегідей ұсыныстар айтылды:

 

Көлік салығынан берешекті өндіру және түсіндіру жұмыстарымен ауылдық округ әкімдері, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандырымен бірге жұмыстану және міндетті зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударымдар уақытылы аударылып, қатаң бақылауда болуы жөнінде өз ұсыныстарын білдірді.