Бүгін "Нұр Отан" партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Даргужиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Ғалымов және Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Қаналиев "Көрісу айт" мерекесіне орай "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында Жымпиты ауылының ардагерлерімен тыл еңбеккерлерінің хал - жағдайын сұрасып, тұрмыс тіршілігімен танысып, айт мерекесімен құттықтады.