Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтіп, оған аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Е.Журалиев, аудандық ветеринария бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Каримуллиев қатысты.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
- Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі басшысының 2017 жылы атқарған жұмысының есебі туралы.
Баяндамашы: Е.Журалиев - аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің басшысы.
- Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №21-2 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Дипломмен ауылға - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2017
жылы елді аймақтарға келген мамандарды орналастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы»
Хабарламашы: М.Шалабаев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
- «Ветеринария бөлімінің қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюды ұйымдастыру, эпизотиялық аурулар және энзотияға қарсы іс-шаралардың ұйымдастырылу барысы туралы»
Хабарламашы: А.Каримуллиев - аудандық ветеринария бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы.
- «Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева – аудандық мәслихат хатшысы.
- «Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы»
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева – аудандық мәслихат хатшысы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тыңдалып, талқыланып, тиісті қаулылар қабылданды.
Төмендегідей ұсыныстар айтылды:
- 2017 жылы «Дипломмен ауылға – 2020» бағдарламасын іске асырылуына көтерме жәрдемақы үшін 5718,0 мың теңге бөлініп толықтай игерілген. Қазіргі кезде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандар әр салада өз жұмыстарын жалғастыруда. Алайда, мемлекет тарапынан осындай көмек жасалып жатса да, бағдарламаның шарттарын толықтай орындамай жүрген мамандар бар. 2018 жылдың 1 қаңтарынан 57 маманның 2340,0 мың теңге берешек қалыптасып отыр. Осы берешектерді төлеу мақсатында мекеме басшылары жұмыстану керек.
- Аудандық тұрғын үй комиссиясының құрамына аудандық мәслихат депутаттарын кіргізу.
- Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі аудан бойынша тіркелген қылмыстар мен оқиғалар бойынша тоқсан қорытындысымен мониторинг жасап, ауылдық округ әкімдеріне ұсынылып отырсын.