Бүгін  Сырым аудандық Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы болып өтті.

Қоғамдық кеңес төралқасының 9 мүшесінен отырысқа 7 мүшесі қатысты.  Отырысты аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Дүйсенгалиев ашып  жүргізді.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №21-2 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы.

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тындалып, сұрақтарға жауаптар берілді, материалдар ескертпелерсіз мақұлданды.