Бүгін Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі таңдаушылардың отырысы өтті.

Отырысқа Шынар Дүйсенғалиева төрағалық етіп, аудан әкімінің орынбасары, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат депутаттары, сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. 
Аудандық мәслихат депутаттары үміткерлерге дауыс берді. Дауыс беру аяқталған соң, жәшікті сайлау комиссиясының мүшелері ашып, дауыстар саналды. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сарқұлов дауыс берудің нәтижелерін жариялады. Таңдауға қатысқан 9 депутаттың 8-і Баяндықов Арман Толқынұлына, 1 депутат Уашев Өтеген Қайыржанұлына дауыс берген.

Сайлау комиссияның шешімі жария етілетін болады.

Сайлаудан соң, аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІ сессиясы жалғасып, күн тәртібінде «2018-2020 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтердің бюджеті туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев хабарлама жасады.

 

 

 

 

 

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА