2017 жылдың 27 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың тұрақты  комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Оған аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Т.Даргужиев, комиссия мүшелері Б.Тасқалиев, Р.Ихсанова, С.Берсебаев, аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық  мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы А.Дүйсенғалиев, комиссия мүшелері С.Тоқмамбетов, А.Ниязгалиева және ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Б.Хамидуллин,  комиссия мүшелері Ж.Шапешов, В.Жумагалиев және мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенгалиева, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ө.Уашев аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

Отырысты аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты  комиссия төрағасы Т.Даргужиев ашып жүргізді.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР:

  1. 2018-2020 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтердің бюджеті туралы.

Хабарламашы: М.Шалабаев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. 2«Сырым ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған іс-шара жоспарын бекіту туралы»

Хабарламашы: Ө.Уашев – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.