2017 жылдың 14 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Оған аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы А.Дүйсенғалиев, комиссия мүшелері С.Тоқмамбетов, А.Ниязгалиева, аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Т.Даргужиев, комиссия мүшелері Б.Тасқалиев, Р.Ихсанова және ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия мүшелері В.Джумагалиев, Д.Тайшиев және мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Е.Махметов және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Отырысты аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А.Дүйсенгалиев ашып жүргізді.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
- Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №9-2 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
- 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
- Жымпиты ауылдық округіне қарасты Бірінші май елді мекеніне жаңадан атау беру ұсынысы туралы.
Хабарламашы: Е.Махметов- аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.
- Жымпиты ауылдық округіне қарасты Өлеңті ауылының кейбір көшелеріне қайта атау беру ұсынысы туралы.
Хабарламашы: Е.Махметов - аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.
- Аудандық мәслихат аппаратының құрылымы және оның 2018-2020 жылдарға арналған қаржыландыру жоспарын бекіту туралы.
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева – аудандық мәслихат хатшысы.
- Аудандық мәслихаттың 2018 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева – аудандық мәслихат хатшысы.
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева – аудандық мәслихат хатшысы