2017 жылдың 14 желтоқсаны күні Сырым аудандық Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Қоғамдық кеңестің 25 мүшесінен отырысқа 21 мүшесі, аудан әкімі Т.Турегалиев,  ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және күн тәртібіндегі мәселеге байланысты бірқатар адамдар қатысты. 

Отырысты аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Дүйсенгалиев ашып жүргізді.

 

Отырыстың күн тәртібінде төмендегі  мәселелер қаралып, ескертпелерсіз мақұлданған қаулы қабылданды:

  1. Ауданның агроөнеркәсіптік кешенің дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының атқарылуы туралы.

Баяндамашы: Молдағалиев Қонысбай Закарияұлы аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы.

 

  1. «Ауданда бұқаралық спортты дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы»

 Баяндамашы: Нурпейсов Салауат Жолайұлы - аудандық мәдениет,     тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

  1. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Сырым колледжінде атқарылып жатқан жұмысы туралы»

 Баяндамашы: Берсебаев Санат Даленұлы - «Сырым» колледжі МКҚК – ның директоры.

  1. «Аймақтық квазимемлекеттік құрылымдардың жұмысындағы есептілік пен ашықтық: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жоюдың шаралары»

Хабарламашы: Тасқалиев Руслан Болатұлы - «Сырым» МКК – ның директоры.

  1. Аудандық Қоғамдық кеңестің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары.

Хабарламашы: Дуйсенгалиев Асхат Габделгазизұлы - аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы.