2017 жылдың 14 желтоқсан күні Сырым аудандық Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы болып өтті.

Қоғамдық кеңес төралқасының 9 мүшесінен отырысқа 8 мүшесі қатысты. 

Отырысты аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Дүйсенгалиев ашып  жүргізді.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 9-2 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. 2018-2020 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтердің бюджеті туралы

Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашының хабарламалары тыңдалып, сұрақтарға жауаптар беріліп, қойылған мәселелер ескертпелерсіз мақұлданды.