2017 жылдың 27 қараша күні аудандық мәслихаттың тұрақты  комиссияларының  бірлескен  отырысы болып өтті.

 

 

Оған аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық  мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы А.Дүйсенғалиев, комиссия мүшелері С.Тоқмамбетов, А.Ниязгалиева, аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Т.Даргужиев, комиссия мүшелері Б.Тасқалиев, С.Берсебаев, және ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы  комиссия төрағасы  Б.Хамидуллин, комиссия мүшелері Д.Тайшиев және мәслихат хатшысы Ш.Дуйсенгалиева, аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Сарсенов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы З.Ерғазиева, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы А.Нурмуханов және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

Отырысты аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық  мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А.Дүйсенгалиев ашып жүргізді.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Аудандық білім беру бөлімінің Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау барысы туралы.

Баяндамашы: Ергазиева Замзагүл Мерекеқызы аудандық білім беру бөлімінің басшысы

 

 

  1. Сырым ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы.

Хабарламашы:  Нурмуханов Айболат Сақтағанұлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  бас маманы.

 

 

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 шілдедегі №19-3 «Сырым ауданы әкімдігінің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Сарсенов Ерлан Жолдыбайұлы - аудан әкімі аппаратының басшысы.

  1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 5 науырздағы №26-7 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық –кеңесші орган құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Сарсенов Ерлан Жолдыбайұлы - аудан әкімі аппаратының басшысы.

  1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы №14-4 «Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Сарсенов Ерлан Жолдыбайұлы - аудан әкімі аппаратының басшысы.

  1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы №30-5 «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Сарсенов Ерлан Жолдыбайұлы - аудан әкімі аппаратының басшысы.

  1. Сырым ауданының құрмет грамотасымен наградтау туралы.

Хабарламашы: Сарсенов Ерлан Жолдыбайұлы - аудан әкімі аппаратының басшысы.

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 қазандағы №17-3 «Сырым ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарын бекіту туралы» шешімін жою туралы.

Хабарламашы:  Дуйсенгалиева Шынар Сайлауовна - аудандық мәслихат хатшысы.

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі №4-6 «Сырым аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: Дуйсенгалиева Шынар Сайлауовна - аудандық мәслихат хатшысы.

  1. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Хабарламашы: Дуйсенгалиева Шынар Сайлауовна - аудандық мәслихат хатшысы.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық білім беру бөлімінің басшысыЗ. Ергазиева баяндама жасады. 

 

 

Осы мәселе бойынша Жымпиты сайлау округінен депутат А.Дүйсенғалиев Қ.Мырзалиев атындағы мектеп ғимаратының  2-3 этаж  терезелері ескі, сол себепті қыста салқын болатынын, осы мәселеге байланысты оқушылардың ата-аналарынан арыз түскендігін және ауылдық округ мектептерінде қысқы спорт инвентарларының аздығы жөнінде хабардар етті.

 Қарасу сайлау округі бойынша Сырым аудандық мәслихатының депутаты С.Тоқмамбетов Аралтөбе мектебінің материалдық-техникалық базасының тозғандығы және осы мектепте спорт зал мен асхананың бір біріне жақын орналасуы, Көгеріс ауылында спорт аланының жоқтығы жөнінде хабардар етсе,  Талдыбұлақ сайлау округі бойынша Сырым аудандық мәслихатының депутаты Даргужиев Талғат Мұратұлы  бала-бақшаларға Отау ТВ қойылса деген өз ұсынысын білдірді.

Аудандық мәслихат хатшысы Дүйсенғалиева Шынар Сайлауқызы Тасқұдық ауылындағы бала-бақшада ойыншықтардың тозғандығын және аудан мектептерінде заңдылығын сақтай отырып оқушыларға ақылы буфет ашу қажеттілігін және алдағы уақытта Бұлан ауылдық округындағы «Достық» лагерінің жұмысын жандандыру қажет деген өз ұсынысын білдірді.

 

Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер бойынша хабарламашылар тыңдалып, талқыланып тиісті қаулылар қабылданды.