Осы күні Сырым аудандық Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы болып өтті.

Қоғамдық кеңес төралқасының 9 мүшесінен отырысқа 7 мүшесі қатысты.  Отырысты аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Дүйсенгалиев ашып  жүргізді.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

1. Сырым ауданы бойынша «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидасы туралы»

Хабарламашы: М.Қайырғалиев - аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарламашы тындалып, сұрақтарға жауаптар беріліп, қойылған мәселе бойынша аудандық Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы қаулы алды.