2017 жылдың 9 қазан күні аудандық мәслихаттың тұрақты  комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.

Оған аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Т.Даргужиев, комиссия мүшелері Б.Тасқалиев, Р.Ихсанова, С.Берсебаев, аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық  мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы А.Дүйсенғалиев, комиссия мүшелері С.Тоқмамбетов, А.Ниязгалиева және ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Б.Хамидуллин,  комиссия мүшелері Ж.Шапешов, В.Жумагалиев, Д.Тайшиев және мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенгалиева, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Қайырғалиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Баяндыков, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ө.Уашев, Сырым ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  басшысының м.а  Б.Разиева,  Елтай және Жосалы ауылдық округінің әкімдері Қ.Аманғалиев, Қ.Ғабдешов, білім беру бөлімінің басшысы З.Ерғазиева, «Сырым» МКҚК басшысы Р.Тасқалиев аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

Отырысты аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты  комиссия төрағасы Т.Даргужиев ашып жүргізді.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №9-2 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: А.Баяндыков - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

  1. Сырым ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарын бекіту туралы.

Хабарламашы: Ө.Уашев – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

Аудан бойынша салық түсімінің  орындалуы  туралы.

Хабарламашы: Б.Разиева - Сырым ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының м.а.

  1. Әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандардың күзгі-қысқы маусымға әзірлігі туралы.

Хабарламашы: М.Қайырғалиев - аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

  1. Елтай және Жосалы ауылдық округтары бойынша ауылдық аймақтың санитарлық тазалығы мен елді мекенді көркейту жұмыстары туралы.

Хабарламашылар: Қ.Аманғалиев, Қ.Ғабдешов - Елтай және Жосалы ауылдық округінің әкімдері.

Округтік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы.

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы.

Учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы.

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тыңдалды, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылды. Әр мәселе бойынша тиісті қаулылар қабылданды.