2017 жылдың 9 қазан күні Сырым аудандық Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы болып өтті.
Қоғамдық кеңес төралқасының 9 мүшесінен отырысқа 7 мүшесі қатысты.
Отырысты аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Дүйсенгалиев ашып жүргізді.
КҮН ТӘРТІБІ:
- Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №9-2 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
- «Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
- Сырым ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы.
Хабарламашы: А.Баяндыков – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тындалып, сұрақтарға жауаптар беріліп, мәселелер бойынша аудандық Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы тиісті қаулыларын қабылдады.