Бүгін 18 тамыз күні «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары /депутат/ Т.Даргужиев, аудандық мәслихаттың депутаттары Ш.Дүйсенғалиева, Б.Тасқалиев және «Бұлдырты» бастауыш партия ұйымының төрағасы Е.Макашевтар Бұлдырты ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылысы басталған 10 тұрғын үйдің жай – күйімен танысып, мердігермен кездесті. Құрылыстың сапалы, әрі қарқынды жүруі жөнінде мердігерге ескертіліп, партия тарапынан құрылыс жұмыстарына үнемі бақылау жүргізілетіндігі айтылды.