Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды бекіту туралы» №1191 қаулысына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасымен  ағымдағы жылдың 10 тамыз күні Қоғамдық тыңдау отырысы болып өтті.

Қоғамдық тыңдауға аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, аудандық Қоғамдық кеңес пен ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің  құрамы, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары қызметкерлерімен, үкіметтік емес ұйымдар, аудандық орталық аурухана басшысының міндетін атқарушы Р.Тахамбетова,  ауылдық округтардағы ДА меңгерушілері,  аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Е.Журалиев, жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілері, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ш.Райсов, ауылдық округтардағы мал дәрігерлер және аудан орталығының тұрғындары қатысты.

Отырысты аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Дүйсенгалиев Асхат Ғабдилғазезұлы ашып жүргізді.

Отырыстың күн тәртібінде төмендегідей мәселелер  қаралды:

  1. «2017 жылдың 1 жартыжылдығында жергілікті полиция қызметінің есебі туралы»

Баяндамашы:  Журалиев Ерлан  Шалбайұлы -  аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы.

  1. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы»

Баяндамашы: Тахамбетова Роза Куткужаевна аудандық орталық аурухана басшысының міндетін атқарушы.

  1. «Аудан бойынша ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы»

Баяндамашы:  Райсов Шайхислам  Кәрімұлы -  аудандық ветеринария бөлімінің басшысы.

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге байланысты Өлеңті ауылының тұрғыны, зейнеткер Елубаев Тауфик ауданда ішкі істер бөлімінде уақытша ұстау изоляторы салынса деген ұсынысын білдірді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық орталық аурухана басшысының міндетін атқарушы  Р.Тахамбетова баяндама жасады.

Баяндама бойынша сөз алған аудандық Қоғамдық кеңестің «Халықтың әлеуметтік мәселелері, әлеуметтік жобаларды іске асыру мен бақылау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, және жастар саясаты  жөніндегі комиссия» төрайымы Ергалиева Гүлбақша Халиахметқызы аудандық ауруханаға ем алуға келген адамдарды медициналық қызметкерлердін жылы қабылдауын сұрады.

№3 Өлеңті сайлау округінен  аудандық мәслихат депутаты,  «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ  директоры Ниязғалиева Аида Кимовна аудандық ауруханада мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетілсе, Өлеңті сайлау округі бойынша медициналық қызметкерлер әлеуметтік ғимаратта отырғандарын осы медициналық қызметкерлерге бөлек ғимарат болса және мүгедек жандарға кезектен тыс қабылдауға  тақтайшалар ілінсе деген өз ұсынысын білдірді.

Аудандық Қоғамдық кеңестін мүшесі, Жосалы ауылдық округі бойынша Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жусупов Асан Сапарұлы халықты тегін дәрімен қамту мәселесі бойынша дәрінің түрі болмайтының хабардар етті.

Аудандық Қоғамдық кеңестін мүшесі, Алғабас орта мектебінің мүғалімі Каналиев Саламат Молдашұлы  Алғабас ауылдық дәрігерлік амбулаториясына дәрігер қажеттілігін жеткізді.

Екінші мәселеге байланысты Өлеңті ауылының тұрғыны, зейнеткер Елубаев Тауфик  Өлеңті ауылына медициналық пункт салу мәселесіне тоқталды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша  аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ш.Райсов баяндама жасады.

Баяндама жалғанды.

Баяндама бойынша сөз алған №4 Бұлан сайлау округінен  аудандық мәслихат депутаты,  «Сырым»  несие серіктестігінің басқарма төрағасы Хамидуллин Бақытжан Кашукұлы аудан бойынша бруцеллез ауруының көбейіп тұрғандығын, сол себепті бруцеллез ауруы шыққан үйлерді мал дәрігеріне бекітіп беруін және осы үйлерді үнемі бақылауда ұстауды сұрады.

Бұлан ауылдық округіне бекітілген учаскелік полиция инспекторы С.Исламғалиев ауыл тұрғындарының малдарын бірдейлендіру қажеттілігін, үй жануарлары, соның ішінде ірі қара және жылқы малдарының бағымсыз, қадағалаусыз жүретінін, тас жолға шығып автокөліктерге соғылуы жиі орын алатының жеткізді.