Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты  комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Оған аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы Т.Даргужиев, комиссия мүшелері Б.Тасқалиев, Р.Ихсанова, С.Берсебаев, аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық  мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия мүшелері С.Тоқмамбетов, А.Ниязгалиева және ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы  комиссия мүшелері Ж.Шапешов, В.Жумагалиев, Д.Тайшиев және мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенгалиева, аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Сарсенов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Исанов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы С.Нурпейсов аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

Отырысты аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты  комиссия төрағасы Т.Даргужиев ашып жүргізді.   

 

 КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР:

 

  1. Сырым ауданы бойынша 2017 жылдың І жартыжылдығында бюджеттің орындалуы туралы.

Хабарламашы: М.Шалабаев - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  1. Бұлдырты ауылының батыс жақ бетіне инженерлік коммуникациялық желілер тартылған елді мекеннің құрамдас бөліктеріне (көшелер) жаңадан атау беру туралы.

Хабарламашы: С.Нурпейсов - аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы.

  1. Жымпиты ауылының оңтүстік-шығыс жақ бетіне инженерлік коммуникациялық желілер тартылған елді мекеннің құрамдас бөліктеріне (көшелер) жаңадан атау беру туралы.

Хабарламашы: С.Нурпейсов - аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы.

  1. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі №4-3 «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Е.Сарсенов- аудан әкімі аппаратының басшысы.

  1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 5 наурыздағы №26-7 «Аудан әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Е.Сарсенов- аудан әкімі аппаратының басшысы.

  1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы19 тамыздағы №14-4 «Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Е.Сарсенов- аудан әкімі аппаратының басшысы.

  1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 тамыздағы №30-5 «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Е.Сарсенов- аудан әкімі аппаратының басшысы.

  1. Аудан әкімдігі жанындағы консультатциялық-кеңесші орган әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы.

Хабарламашы: Е.Исанов - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

  1. Аудан әкімдігі жанындағы консультатциялық-кеңесші орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы.

Хабарламашы: Е.Исанов - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

  1. Аудан әкімдігі жанындағы консультатциялық-кеңесші орган діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі аудандық кеңестің дербес құрамы туралы

Хабарламашы: Е.Исанов - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

  1. Аудан әкімдігі жанындағы консультатциялық-кеңесші орган үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық кеңестің дербес құрамы туралы.

Хабарламашы: Е.Исанов - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

  1. Аудан әкімдігі жанындағы консультатциялық-кеңесші орган тұрғындар денсаулығын қорғау жөніндегі аудандық үйлестіру кеңесінің дербес құрамы туралы.

Хабарламашы: Е.Исанов - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

  1. Аудан әкімдігі жанындағы консультатциялық-кеңесші орган жастар ісі жөніндегі аудандық кеңестің дербес құрамы туралы.

Хабарламашы: Е.Исанов - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

  1. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Хабарламашы: Ш.Дуйсенгалиева - аудандық мәслихат хатшысы.

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашылар тындалып, тиісті қаулы қабылданды.