2017 жылдың 12 шілдесі күні ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша құрылыс, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардың жұмысымен танысу мақсатында құрылған аудандық мәслихат депутаттарының бақылау тобының отырысы болып өтті.
Отырысқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша тапсырыс беруші мемлекеттік мекеме: аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің, аудандық білім беру бөлімінің, «Сырым» МКК басшылары міндетін атқарушы мамандары қатысып, нысандарға бөлінген қаржы, оның игерілуі, атқарылған жұмыстардың көлемі туралы хабарламаларын жасады.